бауыржан момышлы биография казакша

Бауыржан Момышулы: биография и творческое наследие

бауыржан момышлы биография казакша

Имя этой знаковой для казахского народа личности, произносят с особой любовью и уважением. Бауыржан Момышулы, биография которого насыщена интересными событиями, — участник Второй мировой войны и писатель, рассказавший миру о самоотверженности и героизме казахского народа. Каким был путь народного героя Казахстана и какой след он оставил в истории?

Бауыржан Момышулы: биография

Герой этой истории появился на свет 24 декабря 1910 года в ауле Колбастау. Родился в простой семье, мать умерла рано, поэтому воспитанием Бауыржана занимались бабушка и отец.

Этот великий человек достиг высот в карьере во времена Второй мировой войны, но получению заслуженных наград и званий помешал строптивый характер. Поэтому звания Народного героя и Героя СССР назначены посмертно.

Мукагали Макатаев: биография и наследие поэта

Момышулы Бауыржан окончил 9 классов и вскоре стал работать учителем. Уже тогда его лидерские качества оценили по достоинству, доверив место секретаря исполкома, а позже — прокурора района.

Но судьба неумолимо вела Баурыжана к воинской службе. В 1932 году он пополнил ряды Красной Армии, а уже через два года был уволен в запас.

бауыржан момышлы биография казакша

Фото: flickr.com: UGC

Бауыржан Момышұлы — талантливый человек, проявивший себя в разных сферах. В 1936 году показал, что может быть прекрасным финансистом, проработав консультантом в Промышленном банке. Но уже через год его снова призвали в армию, поручили командовать противотанковым взводом и артиллерийским дивизионом.

В разгар войны, Бауыржан Момышулы, цитаты которого вы найдете в статье, помог сформировать 316-ю стрелковую дивизию. В ее составе ушел воевать. На поле боя мужчина проявил себя как отличный стратег и талантливый полководец.

Ахмет Байтурсынов: биография и деятельность просветителя

В историю вошло сражение за Москву, где 316-я дивизия под руководством Момышулы, стойко держала оборону. Во время повторного наступления врагов команда Бауыржана не только задержала немцев на три дня, но и успешно вышла из окружения. События тех дней описаны в книге «Волоколамское шоссе».

За заслуги Бауыржан Момышулы, фото которого есть даже на марках, удостоился звания гвардии полковник. Кроме того, его память увековечили, назвав именем героя:

Но не только воинской службе уделял внимание Бауыржан Момышулы. Семья полководца помнит и гордится его заслугами. Мужчина был дважды женат, в первом браке родился сын, который стал писателем. Потомки рассказывали о Бауыржане как человеке сильном, с исключительной волей, у которого на все было собственное мнение.

Куприн: биография писателя, творчество

Бауыржан Момышулы: книги

Такому харизматичному и опытному человеку было что сказать следующим поколениям. Военная проза навеяна личными переживаниями и воспоминаниями Бауыржана Момышулы.

Печататься начал еще во время службы, а в 1955 году полностью погрузился в литературный труд. Обладая острым умом и привычкой говорить правду, Бауыржан Момышұлы писал о современниках, сочинял детские рассказы, публиковал статьи. Вот самые известные книги писателя:

Книга пропитана трагизмом и верой в силу человека, его светлое будущее. Здесь не найдете придуманных событий, все написанное — часть жизни Бауыржана либо события, происходившие с его сослуживцами. Начинается книга с цитаты писателя:

Кайрат Рыскулбеков: биография Народного героя

«В этих записках я хотел поделиться не только опытом, но и рассказать о собственных ошибках».

На страницах отображена неприкрытая правда жизни человека, верящего в победу.

В эту книги вошли повести и рассказы народного героя не только о военных событиях, но и о своей жизни. Правдивость и документальность историй сложно переоценить. Бауыржан Момышулы подробно описывал детство, бабушку и отца. Вот одна из цитат писателя:

«По рассказам отца, я родился зимой тысяча девятьсот десятого года, двадцать четвертого декабря по старому стилю. Отец в это время находился в городе Аулие-Ата. В ночь моего рождения дедушка во все концы послал гонцов, в том числе и к отцу».

Мухтар Ауэзов: биография, творчество, произведения писателя

Рассказы позволяют лучше узнать знаменитого полководца.

бауыржан момышлы биография казакша

Сборник речей и выступлений Бауыржана Момышулы, позволяет понять психологию мышления великого человека. На страницах книги хорошо раскрыты взгляды писателя на войну и обстановку в стране. Вот, что писал полководец:

«Война — частное и временное, но самое критическое явление в жизни человека. Она на долгие годы решает судьбу его родины, судьбу его народа».

Стоит прочитать эти строки, чтобы погрузиться в историю и лучше понять жизнь того времени.

Но не только книгами известен Бауыржан Момышулы. Фильм о герое «За нами война», создавался по мотивам его произведений. Также о нем снимали документальные фильмы, сериалы.

Вот таким великим человеком был наш соотечественник Бауыржан Момышулы. Человек сильной воли, непростого характера и веры в светлое будущее.

Бунин: биография, интересные факты о писателе

бауыржан момышлы биография казакша

Уникальная подборка новостей от нашего шеф-редактора

Источник

Қазақтың батыр ұлы Бауыржан

бауыржан момышлы биография казакша

Бауыржан 1910 жылдың 24 желтоқсанында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ол 9 жылдық мектепті бітіріп, мұғалім, аудандық атқарушы комитеттің хатшысы, аудандық милиция бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Қаржы органдарында да қызмет атқарған. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Алыс Шығыста әскери қызметін өтеген.1938 жылы Жапондық Квантун армиясына қарсы соғысқа да қатысқан.1939–1940 жылдары Украинада әскери қызметін өтеп, мұнда ол Карпатқа дейінгі жорыққа қатысқан. Соғыс басталғанда 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Дивизияны генерал-майор Панфилов басқарды.

Көзі тірісінде аты, аңызға айналған Панфиловшы, Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан, Бауыржан Момышұлы өз ерлігімен көзге түскен. Елен Әлімжан: «Оның даңқы 1941 жылдың қараша-желтоқсанындағы Мәскеу түбіндегі шайқастарда шықты. Сол кездің өзінде-ақ майдан газеттері, КСРО-ның орталық басылымдары, әсіресе, Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өз батальонымен небір қиын тапсырмаларды орындаған алғы шеп командирінің таланты мен ерлігін жабыла жазып жатты… Майдан шебінде Бауыр¬жан Момышұлынан даңқы асқан батальон командирі болған жоқ», — дейді.

бауыржан момышлы биография казакша

19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылы Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінде 27 рет сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам тас жолы бағытындағы шайқастар үшін генерал Панфилов, аға лейтенант Б.Момышұлыны Ленин орденімен марапатталды.

1942 жылы, аға лейтенант Момышұлы 19-шы полкты басқарып, Крюково қонысы үшін шайқаста19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И. И. Серебряков 1942 жылы тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Ал генерал Серебряков Бауыржанға Кеңес Одағының батыры атағын беруді үш рет сұраған. Бұның бәрі аяқсыз калады.

Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп, сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Бірақ Момышұлыға «Кеңес Одағының батыры» атағы берілмеген. Тактика төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі. Бақытжан Момышұлының айтуынша, өкімет Бауыржан Момышұлын «қиын адам» деп қараған болатын. «Оны қиын адам деп қабылдады, сондықтан да марапаттар мен атақтарды еш бермеді. Бірақ күндеуден гөрі, оны аяғына дейін түсінбеді».

Бауыржан Момышұлының адал қызметі неге дұрыс бағаламаған деген сұраққа Елен Әлімжанов жауап іздеді: «Соғыс жағдайында Баукеңді ұлтшылсың деп ешкім жариялы түрде жазғырған жоқ. Өйткені, сол кездегі майдан мен тылда қалыптасқан жағдайдың тек шындығын айтқан Баукеңнің әрекетте¬рінде КСРО Конституциясы мен өзге заңдарына қайшы келетін дәнеңе-де жоқ еді. Мәскеулік билік есесіне үндемей жазғырды. Қайта-қайта ұсынса да Баукеңе Кеңес Одағының Батыры атағын бермеді. Басқа марапаттарға да сараңдық танытты» — деп жазды.

Бауржан Момышұлы өлімінен кейін ғана (сегіз жылдан кейін) Кеңес Одағының батыры атағын алды. Сол күні, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Баукең жұлдыз алған күн — қазақтың жұлдызы жанған күн» — деп айтқан еді.

Бауыржан Момышұлы туралы өте көп жазылған. Мақалалар, кітаптар, өлеңдер, бірақ Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер көпшілікке қызық көрінеді. Кездейсоқ таныстар, бұрынғы достар, отбасының мүшелері де Бауыржан мінезіне тән бір сипатты байқады — мінезінің күрделігі және қаталдығы. Оның ұлы Бақытжан өзінің кітап-естеліктерінде аты, аңызға айналған батырдың артында жасырынған мінез жайлы айтып берді.

«Иә, ол шорт мінезді болды, қатаң дауыспен сөйлеп, көптеген адамдар ренжіп қалатын. Өзінің бір беткейлігін әкем керек ден санаған жағдайларда қолданған, ал өзге жағдайларда өткір тілді әзілқой да бола алатын. Бір кезде оған Нәбиден деген біреу келді. Қонақ Алматы қаласында ешқандай таныстарым жоқ деп шағымданды, ал ол Жазушылар Одағына мүшелікке өткісі келді. Жалпы айтқанда, сіздің ұсынысыңыз керек деп жата-жабысты. Бауыржан: «Мен ешкімге ұсыныс бермеймін дегеніне қарамастан», Нәбиден жалынып болмады. Әкем Жазушылар одағының бірінші хатшысына келесі мазмұндағыдай хат жазып берді: «Мына, ақымақты Жазушылар одағына қабылда. Қабылдасаң, қатарларың тағы бір, ақымаққа көбейеді». Бұл жөнінде сіз не ойлайсыз? Нәбиден осы жазбаны қолына алып, одақтың осы кездегі бірінші хатшысы Әнуар Әлімжановқа барады. Ол оны оқып, әбден күлсе керек. Хатшылар алқасының келесі отырысында Нәбиден одақ мүшелігіне қабылданды.

Соғыс Бауыржанның мінезін шыңдады. Ол ешкімді еркіне жібермеді. Өзінің сүйікті ұлына да қатал болды.«Қандай әке болды? Қатаң. Мектеп жылдарында, яғни каникулда менiң сыныптастарым Қара теңізге, Мәскеу, Ленинград, Кеңес Одағының басқа қалаларына кетiп жатады. Ал менi пойызбен ауылға жiбередi. Маған үнемі риза емес болды. Бірнеше рет: «Саппен жүрер алаңдағы ефрейтор сені бетінен салып қалмағанына өкінемін». Оған қарағанда, мен шынында да зейінді емес болдым. Ол мені кейде ермексаз, балдыр адам деп атайтын… Меңінше, әскери адам болмағанына өкініп жүрді. Оның айтуынша, әскери киім адамды тәртіпке үйретеді.

Бірақ оның қаталдығы тек қана сыртқа еді, ал шын мәнінде өте қамқор әке болды. Мені : үйді бағалауды, өз әйеліне мейірімді қарауды үйретті. Іштей қанша ренжісем де, болашағымды ойлап, жаз сайын мені ауылға жіберіп тұрды. Егер осындай бала кезімдегі сапарлар болмаса, мен қазақ тілін, салт-дәстүрлерін-де білмес едім. Ал мен, Құдайға шүкір,қазақы тектілігімді сақтадым».

Батыр көзі тірісінде көптеген адамдармен кездесті. Онымен кездескен адамдардың айтуынша, Бауыржан Момышұлы өз отанының нағыз патриоты болды. «Аңыз-адам. Бірегей тұлға, мінезіндегі ерлігі мен жауынгерлік айбыны көп қырлы, жазушылық дарындылығы бар, әскери жағдайдың төтенше оқиғаларындағы солдаттық психологияны зерттеген, әскери қызметтің теоретигі… Ол нағыз жауынгер мен қаһарман болды. Бірақ, осыдан басқа, оған тәуелсіз пайымдаулар тән болған. Ол КСРО-ның азаматы мен жауынері ретінде, өз Республикасын, аталастарын сүйетін қазақ ретінде-де өз елінің патриоты болды»,- деп мемлекет қайраткері, публицист Михаил Исиналиев Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерінде осылай еске алады.

Бауыржан Момышұлы соғысқа дейін әдебиетпен айналыса бастады. Оның ұлы Бақытжан жазғандай, отбасылық мұрағатта Бауыржан Момышұлының 40-шы, 30-шы, 20-шы жалдардағы дәптерлері сақталуда. Осы дәптердегі жазбалар «Волоколам шоссесі», «Артымызда — Мәскеу», «Бір түннің тарихы» кітаптарының негізіне енді.

1958 жылы Бауыржан Момышұлының жарық көрген «Артымызда — Мәскеу» романы жазушының атын шығарды. Кітап Мәскеуді қорғаған 28 Панфиловшылардың ерлігіне арналды. Ол майдан кеңестігінде көрген және өз басынан кешкен оқиғаларды роман беттеріне түсірген.

Бауыржан Момышұлы әскери ғылымның тарихына тактикалық маневрлер мен стратегиялардың авторы ретінде енген. Ол Басштабтың Жоғары академиясында әскери дайындық бойынша дәрістерді оқыды. Сонымен бірге, 1963 жылы Кубаға барғанда өз дәрістерін оқыды. Солдаттардың психологиясына жасалған талдау («Соғыс психологиясы») өте терең еңбек болып табылады. АҚШ, Куба, Израиль, Никарагуа мемлекеттеріндегі әскери оқу орындарыда Момышұлының әскери тәжірибесі бөлек зерттеледі. Ол Эрнесто Че Гевара үшін кумир болды, ал «Волоколам шоссесі» Фидель Кастроның ең сүйікті кітаптарының бірі болды.

Бауыржан Момышұлы біздер, қазақстандықтар үшін отансүйгіштіктің үлгісі болып табылады. Батыр, патриот, жазушы, қазақ, Ұлы Жеңісті жақындатқан және соғыссыз өмірді сыйлаған адамдардың бірі әрі бірегейі болды.

Источник

Бауыржан Момышұлының өмірбаяны

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы «Әулие Ата» тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдаған соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.

Әскери өмірі мен соғыс жылдары.

1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери дайындық кезінде білім алып, мергендік өнерге машықтанады. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтың қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.

1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылып әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.

Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрғаны кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздары жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді.

Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. Мәскеуді қорғау майданының Крюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады.

1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ, ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді.

Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары.

1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.

1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады.

Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту ордені мен (2 рет)», «Ленин», «Отан Соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» орден және медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен «Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын беру туралы» жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы.

1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап «Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету» әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ Кср Жазушылар одағының мүшесі болды.

1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр Бауыржан дүниеден өтті.

Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы.

Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың авторы ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы. А.Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.

Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Москва үшін шайқас» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.

Б.Момышұлы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті жазылған кезде басты кейіпкер болады. Оның әңгімедері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға түсірген Бек болған шайқастар мен оқиғаларды қатты әсерлеп, тіпті, Кеңес әскерінің жеңіліске ұшыраған кездерін жазбай қойса керек. Сөйтіп қолжазбасын Б.Момышұлына оқытады. Оқып болған соң, А.Бекпен болған келесі бір әңгімесінде оның жазғандарының кей жері шындыққа жанаспайтындығын және шындықты шындық етіп жазу керек екендігін айтады.

Отан соғысының ардагері Алексей Абрамов Момышұлы жайлы былай дейді: Тарихқа Клочковтың «Ресей ұлан – ғайыр, артымызда Мәскеу, шегінерге жер жоқ» деген сөзі кірген. Осындай ұлы сөзді Бауыржан Момышұлы айтқан. Ол алдында жатқан картаны өртеп жіберіп, «Бізге Мәскеуден ары батысқа қарай карта керек емес, не жаудың бетін қайтарамыз, не осы жерде өлеміз» деген. Бұл Ұлы жауынгерлердің қасиетті сөзі.

Батырдың нақыл сөздері:

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Қарабет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.

Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес Момышұлы болатын.

Қазіргі кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар.

2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгерлер әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған.

Б.Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-диалогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы, «Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва академиялық драма теарты Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.

Источник

Бүгін даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туған күні

Қазақтың біртуар ұлы, кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег, тактик әрі жазушы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі ұста, етікшілік пен зергерлікті кәсіп етіп қана қоймай, кирилл әліпбиін өз бетінше меңгерген адамдардың бірі болған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өткендіктен, Бауыржан 3 жасынан бастап әжесі Қызтумастың қолында тәрбиеленеді.

бауыржан момышлы биография казакша

Бауыржан Момышұлы мектепті үздік бітірген

1921 жылы Бауыржан Момышұлы Аса интернатына оқуға түсіп, кейін 1924 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепке ауысады. Ол Құрманбек Сағындықов және Әбділда Тәжібаевпен мектеп қабырғасында бірге білім алған.

1928 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Орынбор қаласындағы қазақ педагогикалық институтында білім алуды жалғастырады. Алайда көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты ауылына қайтуына тура келеді. Институт директоры Тоқтыбаев оның суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, бухгалтерия арқылы қағаз жаздыртып береді. Кейін осы жазылған қағазбен студент Бауыржан ақша алып, ауылына қайтады.

1928-30 жылдары бастауыш мектепте мұғалім; аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарып, 6 ай уақыт милицияда жұмыс істейді. Атқару комитетінде ерекше көзге түсіп, Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкіне қаржыгер болып жұмысқа тұрады. Осы жерде жүріп республикалық банк меңгерушісінің жолдамасымен Ленинградтағы қаржы академиясы жанындағы бір жылдық курсты тәмамдайды. Біліктілігін көтергеннен кейін КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындалады. Кейін әскери борышын өтеуге шақырту алады. Әскерде бір жарым жыл жүріп запастағы командир атағын иеленеді. Осыдан кейін ауылға келіп қаржы мекемесінде жұмыс істеп жүргенінде қызыл әскер қатарына шақырылады.

«Әркімнің өз Баукеңі бар»

бауыржан момышлы биография казакша

Батыр ұлдың мінезі туралы Зейнеп Ахметова сұхбаттарының бірінде: «Әркімнің өз Баукеңі бар» деп Олжас Сүлейменовтің айтатыны бар ғой. Атаны әркім өзінің көзімен, өзінің өресімен көрді. Кейбіреулер бет жағындағы көбігін ғана қалқып, арғы жағына үңіле алмады. Ал менікі тек келіндік көзқарас. Үстелді тарс еткізіп ұрып: «Көзіме тура қара. Ойыңды ашық айт! Қазулы көр тұрса да шындықты айт!» — дейтін. Ол кісінің көзіне тура қарау қайда маған? Көзін суреттеп бере алмаймын. Жанып тұрған от еді. Иығынан асырып қараймын. Кейін түсіндім ғой.

Менің бойымнан жылт еткен бірдеңені көрді ме екен, әділетінен әділетсіздігі басым дүниеде, өзі де сондай нәрсені басынан көп өткізгеннен кейін де шығар, «жақсының да, жаманның да аяғында төселіп жататын төсеніштей болмасын, пысық болсын» деп үйреткен болу керек деп ойлаймын. Әңгіме айтып отырған кезде, ортадан кілт үзіп, пікірімді сұрайды. Кейде есің шығып кетеді. Үндемесең ұрсады. Қазір кез келген нәрсені ашық айтатыным, ұнамағанды бетке айтатындығым атадан қалған болу керек. Менің ең жақсы қасиетім — үндемей құтылатынмын. Жарылып кетейін деп тұрсам да, үндемей қалатынмын. Бір кезде: «Балам, мен артықтау кеттім, кешір» дейтін. Бұл енді ұлылық!» — деп айтты.

«Жарайсың, сұңқарым!»

Бұл — Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең. Аға лейтенант Момышұлы сарбаздарымен қақаған аязда Мәскеу түбінде бес рет қоршауды жарып шығып, соғыс тарихында болмаған тактикаларды қолданып, әскери өнерге жаңалық енгізеді. Оны осы кездегі әрекеттеріне қарап мықты стратег әрі адам жанын терең сезіне білген психолог ретінде бағалауға болады.

бауыржан момышлы биография казакша

Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлер түнделетіп жүріп, табандылық пен төзімділік арқасында екі күн ішінде Новлянск пен Ивановск ауылдарының ортасына жетеді. Барлаушылардың айтуынша, Ивановск ауылында И. В. Панфилов әдейі резервте ұстаған панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрған. Олар көзі жойылдыға саналған Момышұлы басқарған батальонды үлкен қуанышпен қарсы алады. Әсіресе, И. В. Панфилов көзіне жас алып, Бауыржанды құшақтап, «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады.

1941 жылдың 26-30 қараша күндері Бауыржан 19-гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде Соколово ауылының маңында немістермен 4 тәулік бойы арпалысып, ұрысты сәтті аяқтайды.

Бауыржан өзін емдемек болған дәрігерге неге қару кезеді?

1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқасына оқ тиеді. Бұл қайғылы жағдайдың қалай болғаны туралы Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен Аңыз» кітабында толығырақ жазып кетеді. Бауыржан дәрігерлердің өзін дереу госпитальға апару керек деп шешкеніне қарамастан, сол жерде оларды тапаншамен қорқытып, оқты дереу шығаруды бұйырады. Жара таңылғаннан кейін капитан ұрыс алаңына қайта оралады. Бұдан кейін 1944 жылы Дубровка ауылында комдив болып жүріп құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлайды. Біраз уақытқа дейін атқа отыра алмай, шалқасынан жата алмай қиналады. Осы жылдың наурыз айына дейін госпитальда жатып, бас штабтың әскери академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.

1945 жылы ақпан мен наурыз айларының аралығында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып, 15 елдімекен босатылды.

бауыржан момышлы биография казакша

Соғыста жүрген шағында да «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау», «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке» сынды өлеңдер жазған. Ал көрген-білгендерін арқау еткен кітаптары 1952-56 жылдары «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» аттарымен басылып шықты. Батырдың қаламынан туған бұл шығармалар қалың оқырманның іздеп жүріп оқитын туындыларына айналып, бірнеше рет қайта басылып шығады.

Фидель Кастродан келген шақырту

1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне сапарға барып, оның інісі Рауль Кастромен кездеседі. Сол жақта әскери қызметшілерге дәріс оқып, кейін осы сапары туралы «Куба әсерлері» атты кітап жазады. Қазақтың дара туған батыр ұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.

Бауыржан Момышұлының «Әділет қашан да жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, 1990 жылы туғанына 80 жыл толуына орай кеңес одағы батыры жоғары атағы берілді. Сондай-ақ соғыс жылдарында 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен; 1944 жылы 6 маусымда «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен; 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды.

Бұдан өзге соғыс жылдарынан кейін 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды.

2010 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Оны үкіметтің тапсырмасымен батырдың 100 жылдың мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірген болатын. Осы жылдың 10 желтоқсанында Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында соғыс қаһарманы әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Жалпы биіктігі 6 метр болатын батырдың мүсіні қоладан, ал ескерткіштің қалған бөлігі граниттен құйылған.

2010 жылы Қазақстан бойынша батырдың 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп, оның 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Қазақстанда батыр атына Алматы, Атырау, Тараз, Семей қалалары және Жамбыл облысында көше берілген. Мұнымен қатар, №45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі беріліп, мектеп алдына батырдың бюсті қойылды.

Осы күнге дейін Бауыржан Момышұлына арнап бірнеше фильм түсіріліп, кітаптар жазылды. 1967 жылы режиссер Мәжит Бегалиннің фильмінде «Артымызда Мәскеу» фильмінде батырдың рөлін Кәукен Кенжатаев сомдады. 2013 жылы режиссер Ақан Сатаев «Бауыржан Момышұлы» атты телехикая түсірді. Бақытжан Момышұлының «Восхождение к отцу», «Во имя отца» және «Сыновья великого волка» атты кітаптары мен Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» туындысы Бауыржан Момышұлына арналады.

Даңқты қолбасшы сарбаздардың елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Оның қатардағы жауынгерлер жайында айтқан нақылға бергісіз сөздері халықтың есінде мәңгіге қалмақ.

Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 10 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды.

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

Батырлық — табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Мұндайда адам өз достарымен тек игілікті емес, сонымен бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою арқылы өзін және отандастарын қауіпсіздендіруге тырысады. Өзінің азаматтық ары мен намысын ездіктен, масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін ашып көрсете түседі.

Адамды бұзатын не? Тағы да сол — атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз — еркектер бұзамыз.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

Арпалысып жүріп алған абырой — өмірдің ең шырын рахаты.

Сабырлық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады.

Источник


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *