бейбіт сейдуалиева биография год рождения
«Қыздар оның ернінен де сүйіп кеткен кездер болды». Бейбіт Сейдуалиева «Жұлдыздың жары» жобасында 09 октября 2021, 17:13
Бейбіт Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында бағдарламалардан көрінбей кеткеніне не себеп екенін, отбасылық кәсіптері, Тоқтар махаббатының бастауы, жарының азамат ретіндегі мәрттігі, өнер адамына тән көптің сүйіспеншілігі, жан сыры, алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.
Бейбіт сұхбат барысында өнер адамына қызғаныш тән емес екенін, жарына келген хаттарын бірге оқығанын еске алды. Тіпті ер адамдар Тоқтардан оның телефонын сұраған сәттер болған екен.
Бейбіт Жұлдызға берген сұхбатында ана ретінде жан сырын бөлісіп, тұңғыштары мен егіздердің арасында неге ұзақ уақыт балалы болмағанын әңгімеледі.
Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.
Сенбіде, 9 қазанда сағат 10:00-де «Жетінші арнадан» «Жұлдыздың жары» шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!
Әр сенбіде «Жұлдыздың жары» жобасын «Жетінші арнадан» сағат 10:00-де тамашалаңыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!